27.04.2022, 19:03
Оқылды: 25

Сессияда он бір мәселе қаралды

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының VII шақырылымдағы кезектен тыс XVI сессиясы өтті. Сессия отырысына аудандық мәслихат хатшысы Н.Меңдешов төрағалық етті.

WhatsApp Image 2022-04-27 at 19.41.13

Алдымен күн тәртібіне сегіз мәселені қатар ұсынған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағанбетов «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 желтоқсандағы №12-1, 12-2, 12-3, 12-4, 12-5, 12-6, 12-7, 12-8 «Қаратөбе ауданының Аққозы, Егіндікөл, Жусандыой, Қаракөл, Қоскөл, Қаратөбе, Саралжын, Сулыкөл ауылдық округтерінің «2022-2024 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобаларымен депутаттарды таныстырды.
Сонымен қатар күн тәртібіндегі тоғызыншы мәселе «Қаратөбе ауданының ауылдық елдi мекендеріне жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы» шешім жобасымен таныстырған аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Берік Нұрмағанбетов аудандық мәслихат депутаттарынан бекітіп берулерін сұрады.

WhatsApp Image 2022-04-27 at 19.41.13 (1)
Отырыста қаралған оныншы мәселе «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 2-1 «Қаратөбе ауданының әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Жүсіпқали таныстырып өтті.
Сессия отырысында қаралған соңғы мәселе бойынша сөз сөйлеген аудандық мәслихат аппаратының бас маманы Ерлан Сүйеуғалиев «Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 «Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасымен депутаттарды таныстырып, бекітуге ұсыныс жасады.
Сессияда қаралған барлық мәселелер халық қалаулыларының дауыс беруімен мақұлданып, бірауыздан бекітілді.

Серікбай Хасанов,
Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале