Ақжайық ауданында Тайпақ орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің директоры Құрманғазы Нәсіпұлының бастамасымен Тайпақ ауылдық округінің Шабдаржап ауылындағы жаңа мектептің ауласына тал егілді.
Ұжымның жұмысшы-қызметкерлері, ардагерлер және оқушылармен бірге 100 дана үйеңкі, 50 дана шаған, 4500 дана қараағаш көшеттерін отырғызды. Тұрғындармен бұл өскіндерді күтіп-ұстау жайында әңгіме болды.
– «Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді. Соңғы кездері тал егу дәстүрі ауылда болсын, қалада болсын, тиянақты мән беріліп, қолға алынып жүр. Осындай істі әрбір үй иесі, әр бала өз ауласында жүзеге асырса, қандай ғанибет,-деді Құрманғазы Нәсіпұлы.
Бекем БЕКҰЛЫ,
Ақжайық ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!