10.06.2022, 9:59
Оқылды: 114

Шабындықтағы шалғы сырылы

Сырым ауданы көлемінде осыдан 4- 5 жыл болмаған көңіл қуантарлық жағдай биыл болып отыр. Аудан көлемінде көлтабандарға көктемгі су тасқыны жақсы шығып, дала алқабы көк майсаға оранды.

816DAF6D-F4C1-4718-B467-AB91FC3F07FE

Аудан әкімі Төлеген Төреғалиев аудандық мәслихат депутаты Жеңіс Шапешов, ауыл әкімі Бейімбет Жайманов, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Арман Тоқтаровпен бірге Қособа ауылындағы көлдік алқаптың жай-күйімен танысты.
Биыл аудан бойынша 23 мың гектар алқапқа су шықты. Мұның арасында Қособада 10 мың га, Жетікөлде 6300 га, Бұланда 6400 га көлтабандар бар.
Бүгінде ауданда Аралтөбе, Бұлдырты ауылдық округтерінде қырлықтағы шөпке орақ салынды. Ал, көлдік табандарға маусым айының ортасынан аса орақ салынбақшы.
- Биыл көлтабандарға су өте жақсы шықты. Бұл көңілді қуантады әрі екі жылдық жемшөп қорын дайындауға мүмкіндік бар деген сөз.
Алдағы уақытта көлдік табандардан гектарына 10-15 центнерден, қырлықтан гектарына 5 - 6 центнерден өнім алуға негіз бар. Яғни, алдағы қоянның қысына сақадай-сай қамданыс жасай білуге әрбір азамат сергектік танытып, қазірден бастап қапысыз қамданыс жасай білулері  қажет,- дейді Төлеген Серікқалиұлы.

Мүсірбек Әлібекұлы,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале