29.09.2022, 13:00
Оқылды: 71

Шағанда «Ұстаз жолы» жобасы өтті

Шаған жалпы орта білім беретін мектебінде Ұстаздар күніне орай мерекелік кездесу ұйымдастырылды. Теректі аудандық білім беру бөлімі мен білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының қолдауымен, аудандық балалар шығармашылық үйінің ұйымдастыруымен «Ұстаз жолы» атты жобасы өтті.

IMG-20220928-WA0096

Бұл бағдарламаға Восход негізгі орта мектебінің директоры Мереке Тілеков, Теректі аудандық балалар шығармашылық үйінің қосымша білім беру педагогы Нұргүл Теміралиева, ерлі-зайыпты ұстаздар, Шаған жалпы орта білім беретін мектебінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бекежан Душанов пен музыка пәнінің мұғалімі Нұрлы Шындәулетова және Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінің тәлімгері Нұргүл Ихсанова қатысты.

Бiр сағатқа созылған бағдарлама барысында қонақтарға отбасы, таңдаған мамандықтары, сүйiктi шәкірттері мен олардың жетiстiктерi, ұстаздары жайында сұрақтар қойылды. Сондай-ақ «Ақ тілекпен» айдары аясында Теректі, Казталов аудандары мен Орал және Қостанай облысы, Лисаков қалаларынан жолданған бейнесәлемдемелер көрсетілді.

IMG-20220928-WA0098

Кəсiби мерекеге арналған бағдарламада Нұргүл Майданқызы тұмар жасап әкеліп, барлық әріптестеріне сыйға тартса, Нұргүл Рамазанқызы “Ұстазым” әнін шырқады. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Бекежан Ұзақбайұлы автоматты тез  шашып жинауды көрсетсе, жұбайы Нұрлы Жомартқызы әсем әнмен кеш нүктесін қойды.

IMG-20220928-WA0090

Теректі аудандық білім беру бөлімінің басшысы Максим Энгелов атынан жоба қонақтарына алғысхат және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Жоба авторы əрi жүргiзушiсi, Теректi аудандық балалар шығармашылығы үйi бұқаралық бөлімінің меңгерушісі Үмiткер Орынғалиев алдағы уақытта ұлағатты ұстаздармен жүздесу жалғасатынын айтты.

 Балнұр Қуанышқызы,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале