13.09.2021, 16:38
Оқылды: 29

Шағын ауылдар спортқа көңіл бөлуде

Бұқаралық спортты дамыту – ел саясатының басты міндеттерінің бірі. Өйткені дені сау ұлт ел болашағының кепілі саналады. Бәйтерек ауданы аумағында ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдаланып, оларды спортқа баулу ісі жақсы жолға қойылған.

 FB_IMG_1631531158911

Жуырда Макаров ауылдық округінің әкімдігі мен мектеп ұжымы жастар мен оқушылар арасында спорттық сайыс ұйымдастырды. Қыркүйектің 6-10 күндері аралығында өткізілген жарыстар барысында көпшілік түрлі ойындар ойнап, қызықты старттарға қатысты.

Спорттық шара ауыл жастарының көңілінен шықты. Енді Макаровтағы ағайын әр аптаның жұмасы мен демалыс күндерін спорт алаңында өткізетін болды.

FB_IMG_1631531164743

Егіндібұлақ ауылының әкімдігі де ауыл жастарының спортқа бейім боғанын қалайды. Сол себепті олардың басын қосып, түрлі шараларды жиі өткізеді. Күні кеше ауыл тұрғындары жаппай жүгіруге шықты. Округ әкімі Ринат Ескендіров бастаған егіндібұлақтық ағайын да ауыл спортын дамытуға мықтап кіріскенге ұқсайды.

FB_IMG_1631531140989

- Жастарымызды спортқа баулып, олардың дені сау болғанын қалаймыз. Сол себепті өзіміз үлгі көрсетіп, дені саудың жаны сау болатынынына көпшіліктің көзін жеткізуіміз керек. Осындай жаттығулардың арқасында ауыл командасы аудан спартакиадасында жақсы өнер көрсетті. Ауылымызды спортты елді мекен етуді мақсат еттік, - дейді Егіндібұлақ ауылдық округінің әкімі Ринат Ескендіров.

 

Түгелбай Бисен,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале