Бүгін Жаңақала ауданы орталығында «Нұрмедина» мейрамханасының жанында ЖК «Нұрмедина» шағын азық-түлік дүкені мен шаштаразының салтанатты ашылуы өтті.
Салтанатты жиынға аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев, аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Светлана Сәрсенбайқызы, басқа да мекеме басшылары және аудан тұрғындары қатысты.
ЖК «Нұрмедина» жеке кәсіпкері Нұргүл Насиева халық игіліне ашылып жатқан шағын азық-түлік дүкені мен шаштаразының бой көтеруіне жеңілдетілген 4 миллион теңге қаржы алып, қосымша өзінің 7 миллион теңге қаражатын жұмсаған. Аталған кәсібінің арқасында екі адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр.
Алғы сөз нысан иесі Н.Мұнайдарқызына беріліп, оның анасы Нағиша Сағынғалиева сөзін жалғады. Одан әрі жеке кәсіпкердің көршісі Күлпәш Ахонова сөз алып игі бастамасының жемісін көруді тіледі. Шағын азық-түлік дүкені мен шаштараздың лента қию рәсімін К.Ахонқызы мен аудан әкімінің орынбасары А.Нұрғалиқызы жасады.
Аталмыш жиын аяқталған соң барша жиылған қонақтар «Нұрмедина» мейрамханасына дәмнен ауыз тиюге шақырылды.
.
Райхан Хамзина,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz