5.12.2021, 0:43
Оқылды: 102

Шағын футболда бақ сынады


Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан прокуратурасының құрылған күніне орай ұйымдастырылған шағын футболда 5 команда бағын сынады.

1638638474287

Ашылу салтанатында Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев пен аудан прокуроры Нартай Байменов​ қатысушыларға сәттілік тіледі.

1638638826344

Нәтижесінде, тартысқа толы ойын көрсеткен командалар ішінен​ аудандық білім беру бөлімінің "Білім" және аудандық полиция бөлімінің "Динамо" командалары
"Жеңіске деген жігері үшін" дипломдарымен марапатталды.

1638640221999

ІІІ орынға аудандық мектеп-лицейдің "Барыс" командасы, ІІ орынға аудан әкімі аппаратының "Айбын", І орынға айқын басымдылықпен төтенше жағдайлар бөлімінің теңбіл доп шеберлері лайық деп танылды.

1638638400653

Одан бөлек, Данияр Әшім "Үздік қорғаушы" , Ержан Құспан "Үздік қақпашы", Әспембет Қайыржанов "Үздік шабуылдаушы", Өркен Кенжебек "Үздік ойыншы" аталымдарына ие болды.

Жекелеген үздіктер мен жүлдегерлерлердің барлығына Сырым ауданының прокуроры Н.Байменовтың атынан диплом, кубок және естелік сыйлықтар табыс етілді.

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале