10.08.2021, 20:00
Оқылды: 18

Шағын футболда шеберліктерін көрсетті

Дәстүрге айналып үлгерген, 4 жылда бір мәрте өтетін «Ақ бидай» VII облыстық ауыл спорты ойындары Жаңақала ауданы үшін сәтті басталды. Олай дейтініміз, күні кеше Орал қаласында өткен шағын футболда спортшыларымыз II орынға ие болды.

5B7E3FD2-D7E9-4BC4-AC6D-EAB78DC3BCA4

Аяқдоп ойынына жалпы 12 команда қатысып, бақ сынады. Тартысты додада өздерінің спорттық шеберліктерімен көзге түсіп, үздік нәтиже көрсеткен Жаңақала шағын футбол командасының бұл соңғы жүлдесі емес деп ойлаймыз. Аудан намысын абыройлы қорғап, жеңіс тұғырынан көрінетін жерлес спортшыларымыз туралы жақсы хабарлар толастамаса дейміз.

Жаннұр Берікқызы,

Жаңақала ауданы

 zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале