11.10.2021, 16:09
Оқылды: 49

Шағын футболдан чемпионат өтті

Жәнібек ауданы орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 2007-2008 және 2009-2010 жылдары туылған жасөспірімдер арасында шағын футболдан аудандық чемпионат өтті. Чемпионаттың мақсаты саламатты өмір салтын насихаттау, аудандық жасөспірімдер құрама командасын іріктеу болды.

FD616B8D-AD59-4DFA-8F30-CE561E4018CD

Спорттық шараның ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Алтай Бақтығалиев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Қошанова сөз алып,  командаларға сәттілік тіледі. Жарыста Қамысты, Ұзынкөл, Жәнібек, Тау ауылдық округтерінен және Бөкей ордасы ауданына қарасты Бейсен ауылынан келген командалар бақ сынасты.

Сайыс қорытындысы бойынша 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасынан І орын «Жәнібек», ІІ орын «Қамысты», ІІІ орынды «Тау» командасы алды. Үздік өнер көрсетіп көзге түскен Райымбек Валиев «Үздік ойыншы», Ринат Ғалымжанов «Үздік қақпашы», Досжан Темірғалиев «Үздік қорғаушы», Жарқын Ажығалиев «Үздік шабуылшы» аталымына ие болды. Сондай-ақ 2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасынан «Жәнібек» командасы суырылып бірінші орыннан көрінсе, «Бисен» командасы екінші, «Қамысты» командасы үшінші орынға табан тіреді. Аталған жас ерекшеліктер бойынша Дәулет Мәдиев «Үздік ойыншы», Юсуф Азимов «Үздік қақпашы», Нұрхан Алесов «Үздік қорғаушы», Есімғали Есімжан «Үздік шабуылшы» атанды.

Ә.Садық,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале