1.03.2024, 17:17
Оқылды: 25

Шағын футболдан ерлер арасында ауыспалы кубок басталды

Бүгін Жаңақала аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің аудандық «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай шағын футболдан ерлер командалары арасында ауыспалы кубоктан тартысты жарыс өтті.

image-01-03-24-03-07-1

Үздіктер дараланатын доданың ашылу салтанатына аудан әкімі Алпамыс Жаңабайұлы, ауыл әкімі Ақан Қапанов, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Нұрғалиқызы және аудандық «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Жасқайратұлы қатысты. Алпамыс Көшкінбаев мерекемен құттықтай отыра, қатысушыларға жеңіс пен сәттілік тіледі.

image-01-03-24-03-07

ҚР мемлекеттік Гимны орындалғаннан кейін топ мүшелері бірлесіп, дайындықтарына кірісе бастады. Барлығы 11 команда қатысатын сайыс «Jastar» спорт клубы мен мектеп-гимназиясында өтеді. Жеребе бойынша бірінші ойынды 2003 жылғы Жаңақала ауылының жастары мен Көпжасар ауылдық округінің командалары бастап, 2:3 есебімен Көпжасар футболшылары алға түсті.

Ақерке Мәлікқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале