16.06.2022, 18:38
Оқылды: 418

Шағын футболдан еске алу турнирі өтті

Кеше Казталов ауданы орталығында 23 маусым - ҚР полициясы күніне орай, қызметтік міндетін атқару барысында қаза болған Батыс Қазақстан облысының ішкі істер департаменті, Казталов ауданының ішкі істер бөлімінің түзеу жұмыстары және жұмысқа орналастыру инпекторы, милиция капитаны Ғайнеден Ихсанұлын еске алуға арналған шағын футболдан ашық турнир өтті.

62E2EA99-7820-41E7-9D58-EACA3575EDBE

«Серпін» шағын футбол алаңында өткен тартысты бәсекеде 12 команда бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Турнирдің ашылу салтанатына Казталов ауылдық округінің әкімі Ернар Ғалымов, Казталов ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Әзілхан Қайырханов, сала ардагері Батырхан Байғонақов және марқұмның туыстары қатысты.

B3659A12-6492-4987-8E8C-A2B63803D222

Бөлім, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері арасында өткен ала доп бәсекесінде Казталов ауданы полиция бөлімінің командасы топ жарып, жүлделі І орынға ие болды. Ал Казталов аудандық газ шаруашылық мекемесі ІІ орын, Казталов ауданының әкімшілігі ІІІ орынды иеленді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойын өрнегін көрсеткен командалар мен ойыншылар арнайы дипломдар, медальдар және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

2E0D0352-0CE7-4F9D-A177-90EFE874B43B

-Қызметіне адал болған әкемізді еске алу турнирінің өтіп жатқанына ризамыз. Сала басшыларының әкеміздің еңбегін елеуі біз үшін зор құрмет. Еске алу турнирі өте тартысты өтті. Ұйымдастырушылар мен қатысқан командалар мен жетекшілеріне шексіз ризашылығымды білдіремін. Бұл турнир әлі де жалғасын табады деген сенімдеміз,  - деді марқұмның баласы Нұрбек Ихсанов.

Асылбек Нәсіпқали,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале