28.03.2023, 11:16
Оқылды: 14

Шағын футболдан турнир өтуде

Бүгін Жаңақала аудандық спорт кешенінде белгілі қоғам қайраткері, Жаңақала аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы Сапаров Сатқали Сапарұлының ұрпақтарының ұйымдастыруымен С.Сапаровты еске алуға арналған шағын футболдан аудандық ашық турнир өтіп жатыр.

IMG_0060

Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ақнұрлы Еслямғалиева, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Данял Танзенов, Сатқали Сапарұлының баласы Фазылғали Сапар және ұрпақтары, «Jastar» спорт клубының директоры Жанболат Гумаров қатысуда. А.Нұрғалиқызы мен Ф.Сатқалиұлы жарыстың ашылу салтанатымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

IMG_0066

Турнирді салтанатты ашылуында аудандық мәдени демалыс орталығының әншісі Қуанышбек Айдарбеков «Жерім менің»  әнін тарту етті.

Одан соң сайысқа сақадай сай футболшылар жарысты бастап кетті. Бұл сайыста барлығы 16 команда қатысып, бақ сынауда.

IMG_0046

Ақжайық, Бөкей Орда, Казталов, Теректі, Сырым және Жаңақала аудандарымен ауылдық округтері ала доп бәсекесінде өнерлерін көрсетуде.

Футбол бәсекесінің өту барысы туралы алдағы уақытта хабарлап отырамыз.

Нұргүл Елтайқызы,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале