Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өзінің әр Жолдауында түрлі саланы қамти отырып, халықты ауызсумен қамту саласын да атап өтіп келеді.
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы бағдарламасы аясында Сырым ауданында 7 нысанда (10 елді мекеннің) ауыз сумен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр. Соның бірі - Шағырлой ауылын ауыз су мен қамту жобасы.
Шағырлой ауылдық с уқұбырының ашылуы салтанатына БҚО құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нұркен Молдашев, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов, «Батысгазстрой» ЖШС директорының орынбасары Гүлмира Мұқанова, Сарой ауылдық округінің әкімі Айбол Жакиев, ауыл ақсақалы Нығметолла Абдуғалиев қатысып, шағырлойлық ағайынды көптен күткен қуанышпен құттықтады.
Аудан бойынша елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету 87 пайызға жеткен. Толығырақ айтсақ 20 елді мекен бүгінгі күні ауыз сумен қамтамасыз етіліп отыр. Шағырлой ауылы су құбырының ұзындығы 27 шақырым. Су жүйесі өткізілген аула саны 125. Яғни 675 тұрғын ауыз суды тұтынып отыр.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz