"Алты Алаштың баласы бас қосса, төрдегі орын мұғалімдікі",деп Мағжан Жұмабаев айтқан еді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел арасындағы осы сөзді қайта тірілтіп, 2019 жылғы 30 желтоқсан күні «Педагог мәртебесі туралы» заңға қол қойып, педагог мәртебесін заңмен бекітті.
Мектептегі сапалы білім мен саналы тәрбие мұғалімнің әрекетімен іске асатыны бесенеден белгілі. Мұғалім—оқушы үшін еліктейтін нағыз тұлға. Кез келген оқушы үйінде әкесіне, немесе шешесінен үлгі алса, ал мектеп қабырғасында ол өзінің ұстазына еліктейді. Міне, бұдан шығар қорытынды, мұғалім бірінші кезекте өзінің шәкірті үшін еліктейтін тұлға бола білуі керек. Бастауышта алған білім мықты болса, оқушылардың жоғарғы сыныпқа барғанда да алатын білімдері сапалы деген сөз. Осы іргетасты қалаушы Шыңғырлау ауданы, Ақбұлақ ауылдық округінің Тасмола ЖОББ мектебінің елеулі ұстаздарының бірі Заира Нұрсеитова.
Заира Қабекенқызы 33 жыл еңбек өтілі бар, педагог-зерттеуші санатты ұстаз. Білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, ұлтымыздың болашағы-жастарға өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері үшін Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының Құрмет грамотасымен, көп жылғы еңбегі және білім беру жүйесін дамыту мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Көптеген шәкірттері грант иегерлері боп, алды жақсы маман атанып келеді.
Гүлім Нұқатова,
Шыңғырлау ауданы