21.05.2024, 21:30
Оқылды: 70

Шалғынға түскен алғашқы орақ

Биыл Казталов ауданында ауа райы ылғалды болып, өзен, лимандарға су мол шыққанымен қырлықтағы шабындықтағы шөптің шығымы орташа болып тұр. Бұған түн салқындатып, топырақтың тиісті деңгейде қыза алмауы әсер бергендей.

FB_IMG_1716296483778

Дегенмен жоғарыдан жәрдем сұрамай-ақ барға қанағат қылып жатқандар да бар. Сөзіміздің дәлелі ретінде Тереңкөл ауылдық округіндегі «Жалғас» шаруа қожалығы ауданымызда алғашқылардың бірі болып жасыл шалғынға орақ салды. Батыр Қауметов жетекшілік жасайтын шаруашылық қырлық шабындығын шауып, буып жатыр.

FB_IMG_1716296481258

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, биыл ертерек қамданбасақ, бір жағынан киік, бір жағынан ауа райының өзі қолайсыз болмасына кім кепіл?!

FB_IMG_1716296477427

Нұр Рахман,

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале