Сарыөмір ауылында «Шалқар» мешіті бой көтерді. Айта кетейік, құлшылық үйінің құрылысы былтыр жергілікті халықтың бастамасымен басталған болатын. Енді жалпақ жұртшылықтың игілігіне беріліп отырғаны - қуанышты жәйт. Су жаңа ғимаратқа 100 адам сияды.
«Игі істің басына, жақсы келер қасына» демекші, осынау игі шараға Теректі ауданы әкімінің орынбасары Ержан Досмақов, БҚО «Ар-Рахман» мешітінің бас имамы Самат Әлібаев, Бөрлі аудандық мешітінің бас имамы Ерлан Әйтенов қатысты. Қуанышқа ортақтасқан меймандар ақ жарма тілектерін білдірді. Салтанатты шара барысында мешіттің құрылысына Білек сыбана қатысқан жандар да алғысқа кенелді. Ақ дастарханнан дәм татқан жұртшылық н тамашалап, шат-шадыман күй кешті.
Айшабибі Мәмет,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz