Белгілі айтыс ақыны, атыраулық Шалқарбай Ізбасаров Сырым ауданына келді.

Мейманды Жымпитының қақпасынан Сырым ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Серік Тоқмамбетов қарсы алды.
Шалқарбай Ізбасаров - Атырау айтыс мектебінің түлегі, талай мәрте халықаралық, республикалық айтыстарда топ жарған тарлан.
Ол айтыс сахнасына сөз бен салтанатты ғана емес, сатираны алып шықты. Юмор әдебиетте бар жанр десек те, ұлт сөзінің мінберінде әзіл мен зілді қатар өру зор қабілетті қажет етеді. Шалқарбайды айтыс көрермендері көңілді келбеті мен қоңыр өлеңі үшін жақсы көреді.

Бүгін М. Есламғалиев атындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің Қадыр атындағы руханият залында «Ауылдан Алматыға дейін…» атты шығармашылық кеші өтеді.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы