10.12.2024, 15:00
Оқылды: 153

Шалқардың шаттығы шалқып тұр

Шалқар ауылдық округінде есептік кездесуін жалғастырған аудан басшысы ауылдың шаттығы шалқып тұрғанына куә болды. Көреген қариялары, ізетті жастары жиынға қатысып, ауылдың бүгіні мен ертеңі туралы сөз қозғады. Артық эмоцияға берілмеді. Тиісінше мәдениетті әрі ұстамды қалыппен өз сауалдарын қойды.

469035578_2771120043069872_2396893160440244568_n

Ауылдық округ бойынша 3 елдімекен бар. 2024 жылдың 1 желтоқсанындағы есеп бойынша Сарыөмірде 1351, Дуанада 109, Шалқарда 146 адам ғұмыр кешеді. Елдімекендерді түнгі уақытта жарықтандыруға 2 миллион 491 мың теңге бөлініп, 15 жарық шам іске қосылған. Көше жарығының бірқалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін электротехникалық материалдар сатып алыныпты. Сонымен қатар ауылдың тазалығына да көңілдің бөлінгені жан жадыратты. Сенбіліктердің жиі өтіп, оған қарапайым ауыл тұрғындарынан бастап, мекеме қызметкерлеріне дейін жұмылып, 100 түп көшет еккені бар. Бұл жылда «Ауыл аманаты» бағдарламасының арқасында кәсібін дөңгелеткендердің 4-еуі құс шаруашылығын қолға алып, 1-еуі мал шаруашылығына кіріскен.

468410843_2771120096403200_7845988352538041673_n

Аудан орталығынан ең шалғай ауылдық округтің автомобиль жолдары туралы айтпай кетуге болмас. Округ орталығы Сарыөмір ауылына дейін тасжолды күтіп ұстауға жауапты мердігер «Шыңғыс» ЖШС арнайы техникалардың көмегімен уақытында жолды тазалап, тегістеп отырады екен. Ауыл әкімі Шынтемір Тілешжанов бұлардан бөлек білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, мәдениет және спорт, әлеуметтік салаларына кеңірек тоқталды. 2025 жылға да жоспарын ұмыт қалдырмай, өзекті мәселелерге тоқталды.

468823045_2771119993069877_1596400434694330147_n

Әрине ауыл болған соң мәселе де болады. Дегенмен Шалқардағы жұдырықтай жұмылған тұрғындарды көріп, береке мен татулықтың көрінісін көрдік.

Ақтілек Әлібек

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале