10.06.2021, 11:53
Оқылды: 36

Шалыс басқандар шетте қалмайды

Жақында Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту орталығында шалыс басып, шартты жазаға кесілгендер, сонымен қатар бас бостандығы шектелген азаматтарды еңбекке тарту бағытында дөңгелек үстел өтті.

95B93E5B-405E-4FEF-A7F8-48DEECB66055

Аудандық пробация қызметінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл шарада орталық мамандары осы санаттағы азаматтарға “Бизнес Бастау” бағдарламасының алғышарттары, ол арқылы берілетін қайтарымсыз қаржымен жеке іс бастап, нәпақа табуға болатыны жіті түсіндірді. Бағыттары да айтылып, аталмыш бағдарламаның оқу курсына қатысуға шақырылды.

– Бізде  9 адам шартты сотталған болса, 29 азаматтың бас бостандығы шектеулі, сонымен қатар белгілі бір қызметті атқару немесе іс-әрекетпен шұғылдану құқығынан айырылу түрінде жаза өтеп жүрген тағы да 8 адам бар.  Жалпы аудандық пробация қызметінің қадағалауында 47 адам тіркеулі. Мамандардың бірлесе жұмыстанулары нәтижесінде қазіргі таңда тіркеудегі екі азаматымыз «Бизнес Бастау» курсын толық аяқтаса, екеуі оқуды бастап кетті,- дейді аудандық пробация қызметінің инспекторы, әділет лейтенанты Эльдар Шарафутдинов.

Раушан Бақытова,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале