«Өлі риза болмай, тірі байымайды» деген халық тәмсілін терең түсінген «Аtvs tehnik и дорстрой 2» ЖШС-нің басшысы Айбар Джальмишев Сайқын ауылына қарасты Шәндекендегі қорымға апарар жолды тегістеп, қиыршық тас төсеп, қалыпқа келтіріп берді.
Шәндекеннің жолы да – ауыл тұрғындары көтеріп жүрген мәселенің бірі еді. Күз түсіп, көктем келгенде қорымға маңайлап бару мүмкін емес-ті.
Жол салу да шариғатымызда сауапты істің бірі деседі. Сауапты іс тындырған Айбар Джальмишевке «әр ісіңізге береке берсін!» дейміз.
Анар Артықбай
Бөкей ордасы ауданы