Теректі ауданында оқушылар арасындағы шаңғы туризмі техникасынан «Ақшақар – 2024» атты жарысы өтті.
Жарысты жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық пен аудандық балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығы ұжымдары ұйымдастырды.
Аталмыш сайысқа «Таным» өлкетану үйірмешілері, «Устремленный» туристік үйірмесі оқушылары, Новопавлов, Подстепный, Ұзынкөл, Чапаев, Федоров №1 мектептерінің командалары қатысты.
Шаңғы жарысының ашылуына жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұрсұлтан Кәдірғалиев пен аудандық «Балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығының директоры Жасұлан Мұхамбетов сөз сөйлеп, қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.
Тартысқа толы ойын нәтижесінде «Устремленный» туристік үйірмесі I орынға ие болды. Ұзынкөл жалпы орта білім беретін мектебі құрамасы II орын, Подстепный жалпы орта білім беретін мектебінің құрамасы III орынмен марапатталды.
Жауһар Нұрым,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz