22.03.2022, 17:40
Оқылды: 37

Шаңырағың биік болсын, Өлеңті!

Наурыз мейрамына орай Сырым ауданына қарасты Өлеңті ауылында жастар саябағы ашылды. Бұл саябақ - ауылдың халқы мен жергілікті биліктің бірге салған нысаны, бірлесе жүзеге асырған жобасы.

8043FFF8-965B-42F4-8548-C043C0136E41

Саябақтың салтанатты ашылу рәсімін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев пен тыл ардагері Болат Уәлиев ақсақал жүргізді.

Кейін орталық сахнада Наурыз тойы басталды. Ж. Досмұхамедов атындағы мектеп-балабақша-бөбекжай кешенінің ұстаздары мен оқушылары сәбиге ат қою, бесікке салу дәстүрін көрсетті. Өлеңтілік ақын Бауыржан Ширмединұлы жерлестерін жырмен құттықтады. Сал-серілердің сынықтары, белгілі әншілер Армат Алдамжаров пен Мерген Мұқанов Өлеңті ауылындағы тойға арнайы аялдап, өнер көрсетті.

8935131E-1478-4A64-85C8-E30EB3B8F283
Тағы бір жаңалық, кеше Өлеңтіде ауыл азаматтарының бастамасымен тігілген ақ шаңқан үй пайдалануға берілді. Тұрмыстық киіз үйден гөрі сары далада тұрған салтанатты ордаға көбірек ұқсайтын құтты қонысты ауыл мектебінің 1991 және 1992 жылғы түлектері жасап, орнатып берді. Жабын жұмыстарын Жымпиты ауылдық округінің әкімдігі тиянақтады.

B7EB209D-1415-4CF0-A997-3B62CA92D8A1

Керегелі кең төр бұдан былай жығылмай, саябақтың ішін қазақы рухқа бөлеп, ауыл халқы мен қонақтарын қарсы алып тұратын болады.

AAC32596-3FB5-4B9C-A5B0-59C51CB78342

Орданы сыйлаған түлектердің жүрегіндегі:

– Шаңырағың биік болсын, ауылым! - деген перзенттік пейілді аңғару үшін ақылман болудың керегі жоқ.

9DD3889B-D54D-49EE-91C5-BBCAF286AB5D

Кеше өлеңтілік жастар жаңа шатырда ауыл қарияларына арнап ас берді. Үлкен ас басында отырғанда жастар арқан тартып, қол күрестіріп, балалар бағлан көтеріп, ұлттық ойындарды ұлықтап жатты.

Б. Шерім,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале