7.12.2021, 15:30
Оқылды: 71

Шаңыраққа үш қуаныш, үш бақыт келді

   Жуырда облыстағы перинаталды орталықта шыңғырлаулық үшемдер дүниеге келді. Бір күнде үш қуаныш, үш бақыттың ата-анасы атанған Алмас-Айгүл Асқаровтардың тұңғыштары. Айдын, Айбын, Омар. Бұл жас шаңыраққа шаттық сыйлаған шақалақтардың есімдері. Алмастың қуанышында шек жоқ, әзірге ұлдарын көрмесе де бірден шекесі торсықтай үш ұлдың әкесі атанып, марқайып жүр. Ал анасы Айгүл әзірге үшемдерді ажырата қоймаса да, сәбилерін бауырына басып жүзі бал-бұл жанады.

IMG-20211206-WA0015

– Бірден үш сәбиді дүниге әкелу Алланың сыйы, – дейді жас ана.

Шекелері тосықтай сәбилердің салмақтары келі жарымнан асады, жағдайлары да жақсы, аздаған уақыт арнайы күтімге алынған.

-Жүктілігім ойдағыдай өтті. Денсаулығымда да ана бір кінәрат болған жоқ. Ендігі мақсатымыз – осы балаларымызды аман-сау өсірсек, – дейді ол.

Кішкентай бөбектерді үйде ата-әжесі мен үлкен атасы Көбеген қарт та асыға күтуде. Көз тимесін, сөз тимесін деп: «әлгі жамандар қашан үйге келер екен» деп қояды. Қолымнан келген көмегімді беремін деп қарт қалбалақ қағып қояды. Шіркін, қазақтай немере десе ішкін асын жерге қояр халық бар ма екен?

Алдағы күндері амандық болса үшемдер туған үйлеріне қайтпақ. Тәуелсіз елдің отыз жылдығында дүние есігін ашқан бөбектерге бақытты балалық тілейміз.

                                                                                                                       Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале