16.09.2025, 13:00
Оқылды: 191

Шарапатты шара - “Мектепке жол”

«Мектепке жол» акциясы - дәстүрге айналған игі шара. Мақсаты - жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік тұрмысы төмен және көпбалалы отбасының балаларына мектепке баруға қажетті құрал-жабдықтармен көмек көрсету ғана емес, бұл өмірде ізгілік деген дүниенің бар екеніне көңіл сендіру. 

PHOTO-2025-09-16-09-44-38

Осындай игі шара Шолақаңқаты ауылдық округіндегі В.И. Шубиннің атындағы Тоғанас орта мектебінде де өтті. Мектеп директоры Р.В Ихсанова және мектеп кәсіподақ кеңесі, сондай - ақ “Дәдем ата” қорының басшысы Ғарифолла Жанбузов, «Диалан» шаруашылығы,  С. Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейі, би үйірмесінің жетекшісі А.Бауыржанқызы, жеке кәсіпкерлер мен мектебіміздің 2005 жылғы түлектері «Мектепке жол» акциясы мектеп формаларын, сөмке мен оқу құралдарын алып берді және қосымша ақшалай көмек көрсетті. Шараның шарапатымен жалпы саны 20 оқушы қамтылды.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» - дейді дана халқымыз. Жақсы адамдардың жақсылығын газет бетінде жариялауды жөн көрдік.

Адамзат баласын бір - біріне жақындатып, жүректерді жылытатын игі істердің бірі - қайырымдылық жасау. Жүректен жасалған әр жақсылық тек өзгеге қуаныш сыйлап қана қоймай өзіңнің рухани байлығыңды артырары сөзсіз.  Бала - болашақтың иесі, елдің ертеңі, ата-ананың қуанышы ғана емес елдің ертеңгі күнгі жарқын болашағы. Әр баланың  алаңсыз өмір сүруі сапалы білім  алуы әрбіріміздің міндетіміз.

Қоғамның дамуына елдің өркендеуіне  балалардың  қуанышына себепкер болып ізгілік дәнін сеуіп жүрген жақсы адамдарымыз қаншама?!

Жақсылықтарыңызбен жүректерді жылытып әрқашан қолдауларыңызбен демеу болып жүре беріңіз деп алғыс айтамыз.

 

Жанна Сұлтанғалиқызы,

В.И.Шубин атындағы жалпы орта

білім беретін мектебінің әлеуметтік педагогі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале