19.09.2018, 15:15
Оқылды: 53

«Шаруа қожалықтарындағы қарапайым жұмысшының да қызметі заңдастырылуы тиіс»

Бұл жайлы Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асаннтаев Сулыкөл ауылы тұрғындарымен кездесуінде айтты.

IMG_4720

-Ауылдық округтегі шаруашылықтарда және тағы басқа жұмыс орындарында еңбек етіп жүрген жұмысшылардың құқығын қорғау мақсатында олардың қызметі заңдастырылуы тиіс. Сонымен қатар осы күнге дейін мәртебесі анықталмай жүрген адамдар көп. Бұл мәселелерге бей-жай қарауға болмайды. Жұмысшы мен жұмыс беруші арасында еңбек шарты болуы тиіс. Осыған баса назар аудару қажет,- деді аудан басшысы.

         Жиынға аудандық кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Бозов, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Н.Жұмағалиева, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Әмірғали да қатысып, өз салаларына байланысты туындаған сауалдарға жауап берді.

         Аудан әкімі Жанат Асылханұлының ауыл тұрғындарымен кездесуі Саралжын ауылдық округінде, түстен кейін Аққозы ауылдық округінде жалғасты.

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы

IMG_4774

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале