16.07.2021, 11:41
Оқылды: 44

Шаруалармен кездесті

Бөкей ордасы ауданына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының бөлім басшысы Біржан Хайруллин жұмыс іссапармен келді.

196873D7-F645-4B91-9C77-98C827F388B2

Сапар барысында тиісті сала мамандарымен  "Каукешев", "Дәурен", "Қожанов", "Мырза" шаруа қожалықтарына арнайы барып, ауылдағы ағайынмен кездесті.

Кездесуде мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар жемқорлықтың алдын алу мақсатында аудандық ауылшаруашылық сала қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып,  аталмыш мекемелердің жұмысына мониторинг жүргізіп, құжаттарын қарады.

Бөкейліктер ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Біржан Хайруллиннің назарына бірқатар мәселелерді ұсынды. Атап айтқанда, асыл тұқымды селекциялық жұмыстарға қатысқан аналық басқа берілетін субсидия (бұрын әр басқа 18 мың теңгеден берілген, қазір 10 мың теңге беріледі), құдық қазуға берілетін субсидия мөлшерінің кемуі (бұрын 80% болса, қазір шығынның 50%-ын қазына есебінен төлеу қарастырылған), бұзау басына төленетін, күн панелін орнатуға берілетін субсидиялар алынып тасталғаны шаруаларға ұтымды еместігі айтылды. Екі құдық қазу үшін жердің екі мың гектардан астам көлемді болуы шаруаға оңтайлы еместігі, құдық қазуда жаңадан құрылған шаруа кооперативтеріне қойылатын критерийлерді қайта қараса деген ұсыныстарын айтты.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале