19.07.2023, 17:15
Оқылды: 23

Шаруаның қойын дәптері үшін...

 

Судан шөбінің көк балаусасы мен пішені – малға қуатты қорек. Оның көк шөбінде 12,3 % протеин және 2,4 % май бар. Ал пішендегі осы көрсеткіштер 12,5 және 2,8 %-ға тең.

ЖП ДАЛА (3)

Судан шөбінің 100 келі көк жемінде 17, пішенінде – 52, сүрлемінде – 228 мал азықтық өлшем бар. Міне, осы қасиеттері үшін де судан шөбі – біржылдық астық тұқымдастарына жататын мал азықтық дақылдарының ішіндегі ең құндысы. Судан – таптырмайтын мал жайылымдық шөп, оны шапқаннан кейін не мал таптап кеткеннен соң, тез қалпына келіп, бір айдың ішінде қайта жайылым ретінде пайдалануға жарайды. Күтім жасаса, қарымта шабуға да болады.

Суданның әр гектарынан 100-ден 120 центнерге дейін пішен, 250-350 центнер көк шөп, 8-ден 14 центнерге дейін тұқым алуға болады.

Екпешөп өсіру – мал шаруашылығы саласының негізгі жұмысына айналуы тиіс.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале