1.06.2022, 15:45
Оқылды: 40

Шат күлкіңмен жадыратшы, балапан

Ақжайық ауданы Чапаев ауылында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік салтанат өтті. 

IMG_6444 (1)

Осында жиналғандарды аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов құттықтап, сөз сөйледі. Ол ата-аналарды, еңбек ұжымдарын балалардың қуанышын қашан да қорғап, әдемі балалық шақ сыйлауға шақырды. «Жаз айларында олар үшін алуан ойындар өткізілуі керек. Осындай жарқын күндерде, ашық аспан аясында балаларымыздың қызығына бөлене берейік», – деді ол.

Осы күн құрметіне мәдени-демалыс орталық қызметкерлері балаларға театрландырылған қойылым ұсынды. Жақын ауылдардан келген өнерлі бүлдіршіндер ән айтып, би биледі. Сонымен қатар ұлттық спорт түрлерінен және велосипедтен сайыстар, асфальтқа сурет салу байқауы, ашық аспан астында «Қызғалдақтың отаны – Қазақстан» жас суретшілер байқауы, «Гүлдер әлемі» фестивалі ұйымдастырылды.

 

 

Сондай-ақ осы шараға демеушілік жасаған бір топ жергілікті кәсіпкерге білім бөлімінің алғысхаты тапсырылды. «Менің түсінігімдегі мемлекеттік қызмет» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің балалары арасында өткен эссе байқауына белсене қатысқаны үшін Айлина Нұрболқызы аудан әкімі аппараты басшысының алғысхатымен қошеметтелді. Сонымен қатар балалар-жасөспірімдер спорт мектебі «Panna football»-дан ашық біріншілік өткізді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Фестиваль соңында шараға қатысқан барша бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды.

Нұрбек Ихсан,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале