3.05.2017, 10:45
Оқылды: 44

Шахмат ойшылдардың ойыны

Bokei shahmat oishildardin oyini  Бөкей ордасы ауданында өткен танымал шахматшы, спорт шеберіне үміткер Өмірбек Иманғалиұлы Ерғазиевті еске алуға арналған аудандық жарысқа Орда, Сайқын, Бисен, Мұратсай ауылдарынан - барлығы 17 шахматшы қатысты.

  Аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева Ө.Ерғазиевтің өмірі жайында сөз қозғап, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.


  Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Мейрамбек Ғиылманов ойын ережесімен таныстырып, ардагер спортшы Елдос Кенжеғалиев ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғысын жеткізді.

  Шахмат қара күшті қажет етпейді. Жеңіске жету үшін қарсыластың ойын тап басып, қарсы амал таба білу керек. Жарыс олимпиадалық тәсілмен өткізілді. Бірінші айналымнан сүрінбей өткен 9 мықты жеребе тастап өзара қарсыластарын анықтады. Шешуші сәтке сүрінбей жеткен Әділ Түсекенов (Мұратсай), Мұхтар Жоламанов (Сайқын), Кенжек Сиранов, Талап Ғайсин, Маржан Махметовалар (Орда) финалдық кезеңде тартысты әрі әдемі ойын өрнегін көрсетті.

  Жарыс қорытындысында Маржан Махметова III, Әділ Түсекенов II, Талап Ғайсин I орындарға тұрақтады. Асылғаным Сертекова «Жеңіске деген ынтасы үшін», Нұрсұлтан Бисенбаев «Ең жас спортшы» аталымдарына ие болды. Барлық шара қатысушыларына бағалы сыйлықтар табысталды.

Әділет ӘБДІРОВ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале