19.04.2022, 12:00
Оқылды: 12

Шахматтан өткен жарыс

Жуырда Тасқала аудандық спорт клубының ұйымдастыруымен шахматтан ерлер арасында Достық ауылдық округінің біріншілігі ұйымдастырылды.

достық шара1

Аталмыш турнирге осы ауылға еңбегі сіңген жерлестеріміз қатысқан болатын. Атап өтсек, айтулы жарысқа Орал қаласынан М.Абримов, М.Мамбетов, аудан орталығынан Г.Тұрғаналиев сынды жерлестерімізде шақырылды.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде І орынды Г.Тұрғаналиев иеленсе, ІІ орынды З.Парух қанжығасына байлады. Ал ІІІ орынға М.Абримов табан тіреді. Жарыс жеңімпаздары диплом және медальдармен марапатталды.

Болат Бек,

Тасқала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале