15.04.2022, 13:57
Оқылды: 42

Шеберлік шыңдалған күн

Теректі аудандық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен Подстепный ауылында аудандық деңгейде шеберлік сағаты өтті. Оған БҚО іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Жансұлу Төремұратова қатысты. Сонымен қатар 18-35 жас аралығындағы кәсіп бастауға ниетті арулар, жұмыссыз жастар да куә болды.

IMG-20220415-WA0034

Дөңгелек үстел барысында құс шаруашылығының иесі А.Қайрекенова бұл кәсіптің қыр-сырымен бөлісті. Сондай-ақ ұн өнімдерінен әзірленетін тағамдардың дайындалу жолын да айтып берді. Ал Н.Жұмағазиева құрақ көрпені, Ж.Хамитова шұжық өнімдерін, С.Куликова жарық шамдарын дайындау барысын көпшілікке көрсетті.

IMG-20220415-WA0030

Психологиялық бағыт бойынша А.Насырова, аспаздық бағыт бойынша Э.Үмбетова,  А.Бекжановалар атаулы мамандық аясында қатысушыларға бағыт-бағдар берді. Сонымен бірге А. Амангелдиева киім тігудің жолдарын түсіндіріп берді.

Бұл шара алдағы уақытта да жалғаспақ.

Нұрсәуле Аткеева,

Теректі аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале