17.04.2025, 10:15
Оқылды: 279

Шегірткеден қауіп бар ма?

Биыл Бәйтерек ауданы аумағында аса қауіпті зиянды ағзалар мен ауруларға, үйірлі және үйірсіз шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының жалпы көлемі 47 мың гектарды құрамақшы.

IMG-20250416-WA0008

Бұл туралы осы бағыттағы фитосанитариялық іс-шаралар жөніндегі штаб отырысында сөз болды.
​Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары, аталмыш штаб төрағасы Лауаз Уәлиев фитосанитариялық іс-шараларды уақтылы әрі сапалы жүргізу маңызды екенін атап өтті.
​ҚР АШМ АӨК МИК аудандық аумақтық инспекциясының басшысы, штаб мүшесі Бақтияр Гимединовтың сөзіне қарағанда, республикалық бюджет есебінен аудан аумағында итальян шегірткесіне қарсы 20 мың га жерге химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Ал облыстық бюджет есебінен саяқ шегірткелерге қарсы 27 730 га өңделмекші.

photo-output
​ҚР АШМ АӨК МИК республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы аудандық филиалының басшысы, штаб мүшесі Әлібек Сақтаудың айтуынша, қазіргі таңда шегіртке күбіршіктері Көшім, Перметеный, Зеленый, Шалғай, Атамекен, Достық ауылдық округтары аумағында молдау. Биыл күбіршіктері егін алқаптарында топырақтың беткі қабатына шығып жатыр. Сол себепті ауыл шаруашалығы өнімдерін өндірушілер өз қаражаты есебінен жүргізілетін өңдеу жұмыстарына жіті назар аударғандары жөн. Биыл бұл бағытта бәйтеректік шаруалар 25 мың гектарға өңдеу жұмыстарын жүүргізеді деп жоспарланып отыр. Ол көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Айта кету керек, алқаптарында химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін сатып алған шаруаларға химикат құнының елу пайызы субсидияланады.

Серік Маратұлы
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале