Жәнібек ауданында аппарат басшысы Асхат Молдағалиевтің төрағалық етуімен аудан әкімі жанындағы шекаралық мәселелер жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға ҰҚК шекара қызметінің 2036 әскери бөлімі командирінің бірінші орынбасары, подполковник Нүсіп Қуанышбек, штаб бастығының орынбасары, подполковник Нұрлан Мейманқұлов және ауыл әкімдері қатысты.
Басқосуда ауданның шекаралық аймақта орналасуына байланысты ауыл тұрғындарының арасында шекаралық тәртіптің сақталуы, тұрғындардың малын бағусыз жібермеуі, өрт қауіпсіздігінің алын алу мәселелері сөз болды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының шекара аумағынан жеңілдетілген түрде өту орындарын белгіленген талапқа сай келтіру, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының жергілікті тұрғындарының мемлекеттік шекара режимін сақтауы, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы №1275 «Шекаралық белдеуге кіруге және онда болуға рұқсаттамалар беру тәртібі» туралы қаулысына енгізілген бірқатар өзгерістер туралы айтылды.

Бұдан бөлек электронды Үкімет порталымен жұмыс жасау, ҚР және Ресей Федерациясының әскери жоғары оқу орындарына, сондай-ақ «2036 әскери бөліміне» келісімшарт бойынша жастарды қызметке тарту туралы мәселелер көтерілді.
Гүлім Шамғонова
Жәнібек ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер