2.04.2025, 23:00
Оқылды: 96

Шекарашылар жарыс жолында

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің биылғы оқу жылының жедел және жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Тасқала» спорт кешенінде шекарашылар арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті.

Шекарашылар (4)

ҚР ҰҚК шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің құрама командасын жабдықтау, әскери қызметшілер арасында қоян-қолтық ұрысын кеңінен дамыту, спорт шеберлігін арттыру, саламатты өмір салтын насихаттауды мақсат еткен жарысқа 14 шекарашы қатысты. Олар, 57, 62, 67, 73, -80, 88, 97 келі және +97 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынады. – Сайыс «Тасқала» шекара бөлімшелерінің, соның ішінде ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бақылау шекара бөлімшесі, Тасқала автомобиль және Жайық темір жол бақылау шекара бөлімшесі жеке құрамының арасында өтті. Мұнда жақсы дайындықпен келіп, жүлделі 1-2-орындарға ие болған әскери қызметшілер департамент деңгейінде жалғасатын жарысқа жолдама алды.

Шекарашылар (3)

Енді олар алдағы жарысқа қатысуға дайындалады, – деді «Тасқала» шекара бөлімінің бастығы, подполковник Аян Идрисов. Жарыс өте тартысты өтті. Әр салмақ дәрежесінде қатысушылар өз күшін тексеріп, шеберлігін көрсетті. Нәтижесінде 57 келі салмақта Аманжан Мақатов, 67 келіде Әлихан Ғарифолла мен Ерлан Тыныштыбаев, 73 келіде Дамир Күнтаев, 80 келіде Аслан Жауынбаев, 88 келі салмақта Азамат Құрмаш, 97 келіде Әлішер Қарабалин жүлделі орын иеленіп, алдағы жарысқа жолдама алды.

 Болат Бек,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале