Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында Сырым ауданының ауданымыздың білім беру ұйымдарында оқитын 9-13 жас аралығындағы ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балалар арасында аудандық «Шексіз әлем» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты ерекше білімді қажет ететін бала тұлғасын тиімді дамыту және оны қоғамда бейімдеу, экология саласындағы білімдерін кеңейту және экологиялық мәдениетін қалыптастыру болды.
«Адам және табиғат» суреттер байқауында балалар тақырып бойынша сурет салды. Бұл бөлімде Бұлдырты мектебінің оқушысы Асан Жәдігеров бас жүлдені еншіледі. Жетекшісі - Д. Жанұзақова.
«Хэнд-мэйд – өз қолыңмен жасалған ғажайыптар» номинациясы бойынша еркін стильдегі қалдық заттардан әсем гүлдер жасау сайысында бас жүлде М.Каналиев атындағы мектептің оқушысы Нұралы Қалимолдаға бұйырды. Нұралының жетекшісі - С.Карағойшина.
«Табиғатты қорғайық» атты мәнерлеп оқу бөлімінде үміткерлер өзі шығарған бір өлеңін және басқа ақындардың табиғат тақырыбындағы екі өлеңін жатқа оқыды.
Мәнерлеп оқуда бас жүлдені М.Қаналиев атындағы мектептің оқушысы Тұрар Магниев иеленді. Жетекшісі - Ж. Құсайнова.
Жеңімпаздар білім бөлімінің грамоталары және сыйлықтарымен марапатталды.
Бас жүлде иегерлері облыстық кезеңге жолдама алды.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz