Теректі ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Сессия жұмысына Теректі ауданы әкімі Тілек Габдушев, аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері және бөлім басшылары қатысты. Жиынға аудандық мәслихат депутаты Сержан Идиятов төрағалық етті.
Күн тәртібінде аудан бойынша атқарылуы тиіс үш мәселе сөз болды. Сонын ішінде аудан әкімі Тілек Александрұлы 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді.
Ауылдық округ әкімдері де жылдық есебінен баяндама жасады. Оның ішінде халықты алаңдататын жол, дәрігерлік амбулатория, ауыз су мен мал жайылымдары сөз болды. Шешімін таппай келе жатырған мәселелерді аудан әкімі қарастыратынын жеткізді.
Тұрақты комиссия төрағасы Сержан Серікұлы қорытынды жасады.
Балнұр Қуанышқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz