19.03.2023, 19:35
Оқылды: 41

Шетелдік байқаушылар келді

Елімізде өтіп жатқан ҚР Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауының заң талаптарына сай болуы халықаралық деңгейде бақылауға алынған.

IMG-20230319-WA0323
Осындай миссиямен Теректі ауданына арнайы ат басын бұрған халыаралық байқаушылар тобы сайлау учаскелерін аралап, сайлаудың заң мен тәртіп бойынша өтуіне зер салды.

IMG-20230319-WA0327
Халықаралық байқаушы куәлігімен аудандық аумақтық сайлау комиссиясында төрт шетелдік азамат тіркелген.
NYRYTYN Renata Lidia, DAMARY Martin Roy Paul, LOGINOV Evgeny, UITZ Matthaus бірқатар сайлау учаскесінде сайлаушылардың бюллетень алуынан бастап, дауыс жәшігіне салғанына дейін көріп отырды.
Халықаралық байқаушылардың айтуынша, сайлау учаскелерінде бұзушылықтар байқалмаған.

Камелия Өтеу, 

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале