ІІ Шежін ауылдық округі республика бойынша «Үздік 30 ауыл» анықтамалық альбомына енді. Осы ауылдың әкімі Алғадай Жамбыл Қазақстан бойынша «Үздік ауыл әкімі» аталымын жеңіп алды.
Аталмыш байқау мемлекеттік іс-қызмет агенттігінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды. Үздік ауыл әкімін анықтап, олардың қол жеткізген нәтижелерін жариялау мақсатын көздеген байқауда 100-ден аса үміткер бақ сынады. Солардың ішінде ең көп ұпай жинаған Алғадай Жамбылдың еңбегі еленіп, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, Алғадай Жамбылұлы байқауда «Ет және сүтті өнімдерді қайта өңдеу және ауылшаруашылық кооперативтерін құру арқылы қосымша жұмыс орындарын ашу» жобасын таныстырды.
Әсем Серікқали,
Тасқала ауданы
zhaikpress.kz