30.03.2022, 9:50
Оқылды: 100

«Шежіре» аудан мақтанышы

Бәйтерек ауданы Переметный ауылындағы ұлт өнерін қастерлейтін, күй тыңдап, күй орындаушыға құрмет көрсететін азаматтардың басы қосылса, «Асланның тартуы бөлек, оның орындауындағы күйді тыңдаудың өзі бір ғанибет» деп мақтауын асырады. Сыртынан«Домбыра Аслан», «Домбырашы жігіт», «Күйші Аслан» деп ат қойып та алған. Бұл – оның өнеріне деген құрмет, орындауына деген бас ию. Әңгімемізге арқау болып отырған жанның кім екенін көзі қарақты адам ұғып отыр. 

15

Бүгін біз өнері талайдың таңдайын қаққызған домбырашы Аслан Сағынбайұлы Ғизатов туралы сөз қозғамақпыз.

12

1983 жылы БҚО Фурманов ауданы Талдыапан ауылында дүниеге келген Аслан1999 жылы ауыл мектебін аяқтап, Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы саз колледжіне оқуға түседі. Білім ордасын «Ұлт аспаптар» бөлімінің «Домбыра» бағыты бойынша 2003 жылы аяқтаған ол сол жылы Ақжайық саз мектебіне жұмысқа тұрып, еңбек жолын бастайды. Екі жылдан соң қазіргі Бәйтерек ауданына қарасты Щапов ауылдық клубына сүйемелдеуші қызметіне орналасады. Ол жерде де жемісті еңбек еткен жас қызметкер 2005 жылы аудан орталығындағы мәдениет үйіне үйірме жетекшісі қызметіне ауыстырылады.

Осы уақыт ішінде Аслан Ғизатов халқына қалтқысыз қызмет қылып, ұжымда жақсы маман ретінде танылып үлгерді. Алға қойған мақсатына жете білу қасиеті ерекше. Өнерге шын берілген азамат өзіне де, өзгеге де талап қоя білетін жауапты қызметкер ретінде танылды. Өзінің ізденісі, ұлттық мәдениетімізді дамыту жолында жалықпайтын ол уақытпен санаспай еңбек етуді жөн көрінеді. Әр бастаған ісін соңына дейін жеткізетін маман қазіргі уақытта Халықтық «Шежіре» фольклорлық ансамблінің жетекшісі қызметін абыроймен атқарып жүр.

Осы кезге дейін талай өнер додасына қосылып, бақ сынаған Аслан Ғизатов 2005 жылы Облыстық Н. Бөкейханов атындағы домбырашылар байқауының лауреаты, Облыстық «Отбасылар байқауының» лауреаты,2007 жылы Облыстық «Дала дарындары» жастар шығармашылығы байқауының лауреаты,2012 жылы Облыстық «Сейтек күйлері» домбырашылар байқауының лауреаты атанып үлгерген. 2018 жылы Облыстық «Бабадан қалған сырлы әуен» атты фольклорлық ансамбльдер фестиваліне қатысып, аудан өнерін жерге қаратпады.

13

Ата-бабамыздан қалған ән-күй, жыр-термені қасиетті қазынаға балап, оны көздің қарашығындай сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу –әр өнерпаздың міндеті. Ұлық өнерін ұлықтап, ұрпаққа аманаттау мақсатында 2001 жылы Зеленов аудандық мәдениет үйі жанынан «Шежіре» фольклорлық ансамблі құрылған-ды.Ансамбльдің көркемдік жетекшісі болып сазгер Асқар Құсайынов тағайындалды. Тұсауы кесілген күннен бері ансамбль көрермен жүрегінен лайықты орын ала алды.Ансамбль репертуарында халық әндері мен күйлері, жергілікті композиторлардың әндері бар.Ансамбль орындаушылық шеберлігін жауапты концерттерде шыңдап келеді.

«Шежіре» фольклорлық ансамблі аудан, облыс, республика  көлемінде ғана емес, көршілес Ресей Федерациясының облыстарында да болып, өз өнерімен көпшілікті таң-тамаша етті.

14

Ансамбль 2007 жылы Ақтөбе қаласында өткен «Батыс аймақтық халық шығармашылығы»Республикалық фестивалінде жоғары дәрежеде өнер көрсетіп,үшінші орынға ие болды.2008 жылы «Шежіре» фольклорлық ансамблі «Халықтық» атағын иеленді.

2014 жылдан бері «Шежіре» фольклорлық ансамблінің жетекшісі қызметін Аслан Ғизатов атқарып келеді. Солжылы аталмыш өнер ұжымы Орал қаласында өткен облыстық «Ғасырлар үні» фольклорлық ансамбльдер арасындағы байқауда жүлделі екінші орынға ие болса, 2017 жылы ЕХРО мамандандырылған көрмесіне қатысып, елорда қонақтары мен тұрғындарын өнерлерімен тамсандырды.

Сондай-ақ ауданда оздырылған «Бабадан қалған сырлы әуен» атты облыстық ұлт аспаптар ансамбльдер фестивалінің қатысушысы, Астана қаласының 20 жылдығына орай өткен«Ақжайықтан Астанаға сәлем» атты облыстық өнерпаздар этноауылында өнер көрсетті. Одан бөлек, РФ Саратов облысы Озинкиқаласында өткен «Россияначинается с Озинок» атты өнер фестиваліне қатысып, арнайы алғыс хатқа ие болды. Осы жетістіктің барлығы уақытпен санаспай,өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарайтын Аслан Сағынбайұлындай қызметкердің арқасында да мүмкін болды.

Ансамбльге партитура жазып,өңдеу жұмыстары Аслан Ғизатовтың мойнында.Шағын ғана топтан құрылған «Шежіре» өнер жолында талай қиындықты бастан өткерді. Қарапайым домбыра таба алмай қиналған шақтар да артта қалды. Бүгінде ерен еңбегімен елге танылуда.2019 наурыз айында РФ Саратов облысы Ровен ауданында Наурыз мерекесінде облыстық делегациямен өнер көрсетіп қайтты.Бөрлі ауданы Ақсай қаласында өткен облыстық «Дала сазы» атты фольклорлық ансамбльдер фестивалінде өнер көрсетті.

Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасы бойынша аудан әкімінің қолдауымен РФ Астрахань облысы Володар ауданы Алтынжар ауылында Құрманғазы атаның кесенесіне барып, құран бағыштап, жергілікті халыққа концерттік бағдарламасын ұсынды.Тасқала ауданында өткен аймақтық «Ұлы дала сазы» атты этнофольклорлық ансамбльдер байқауына қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болды.

Бұнымен ансамбль дамуы тоқтап қалмасы анық. Қазірдің өзінде репертуарында қазақ, орыс және алыс-жақын шетел композиторларының әндері мен түрлі композициялары бар. Жалпы «Шежіре» репертуары бай десе де болады. Жалпы саны 60 ән мен күй бар қоржынында.

Ансамбль құрылған кездегідей емес, материалдық-техникалық базасы да жаңарды, толықты. Бір кездегідей домбыра іздеп сабылмайды. Қажетті аспаптың барлығы бар.

Бір үйдің баласындай болып кеткен ансамбль құрамында Кенесары Болғанбаев әнші қызметін атқарса, Мирас Шамашев домбыра-тенор, Тоғжан Әсетовадомбыра, Кәмшат Ситекова қобыз(прима), Николай Новеньков сырнай, Гүлбаршын Қасиетова домбыра, Мирболат Исмагулов бас домбыра, Айнұр Утеулиевадомбыра-тенор, Мұхтар Шынтеміров бас домбыра, Анна Гумарова саз сырнай, Юрий Саяпин флейта, Жеңіс Касимов пен Ақан Жекеков, Альфия Исламова әнші және Наргиз Сағынбай қобыз (примаға) жауапты.

Тоқтаусыз еңбек етіп, күннен күнге дамып жатқан ансамбль пандемия кезінде де жұмысын тоқтатпады. Түрлі онлайн концерттер ұйымдастырып, оны желіге жүктеп, алаңдаулы ағайынның көңілін аулады.

Болашақта алған беттен таймай еңбектене беруге дайын.Ол үшін барынша жағдай жасалған.

Амангүл Намазова,

Бәйтерек аудандық мәдени-демалыс орталығының әдіскері

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале