14.07.2017, 12:15
Оқылды: 49

Щаповта балабақшаға кезек азаймай тұр

Щапов ауылында іссапармен болған аудан әкімі Асхат Шахаров «Бөбек» бөбекжайына бас сұғып, жай күйімен танысты.


Бөбекжайда «Балапан», «Жұлдыз», «Қызғалдақ» сынды үш топта 73 бала тәрбиеленуде. Барлығы 10 тәрбиеші еңбек етуде. Балабақшаны аралап шыққан аудан басшысына ауыл әкімі Айтқали Әбжанұлы бөбекжай нысанының тарлық ететінін, кезектегі балалар санының артып отырғандығын тілге тиек етті.

Динара БЕРІШ,

Зеленов ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале