4.04.2024, 18:52
Оқылды: 184

Шыңғырлауда аэровизуал барлауы жасалды

Шыңғырлау ауданы аумағында, соның ішінде Елек өзені бойында тасқын су қаупі бәсеңдемей тұр.

Су елек

Қазір өзен өз арнасынан асып жайылып, өзен бойында орналасқан Жаңакүш, Ұрысай, Ақсұғым, Шыңғырлау, Шоқтыбай, Мырзағара және Талдысай ауылдарына жақын келіп тұр. Дегенмен ауылдарға су кіру жағдайы тіркелген жоқ.

Су елек

Елек - Ақтөбе облысы, көршілес Ресей Федерациясының Тұзтөбе ауданы аумағынан өтетін ұзын өзен. Сәйкесінше, биылғы алапат қызыл су тасқыны осы өзенге құйылды. Деңгейі тез көтерілген өзен арансынан асып төңірегіне жайылды. Жалпы қауіптілік деңгейі 750 сантиметр болса, қазір өзен суы 783 сантиметрге деңгейге дейін көтеріліп тұр.

InShot_20240404_184939332

Елек өзені сондай-ақ Ресей Федерациясымен шекара бойында орналасқан.

Өзен суының арнасынан асып тез жайылуы себепті БҚО ҰҚК Шекара қызметінің «МИ-8» тікұшағымен шекара бойы және тасыған өзен арнасына аэровизуал барлауы жасалды.

Барлауға Шыңғырлау аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бастығы Бахтияр Катчеков және Бөрлі аудандары бойынша шекара бөлімінің бастығы подполковник Абай Закиров қатысты.

Барлау нәтижесінде өзен бойында су деңгейінің көтеріліп кетуіне себеп боларлық сең, мұз кептелістері анықталмады.

Алайда қауіп әлі сейілген жоқ. Кез келген сәтте су деңгейі көтеріліп кетуі мүмкін. Осы орайда төтенше жағдайлар бөлімі Елек өзені бойындағы елді мекендер тұрғындарына үй-жайы мен қора- қопсыларына, төрт түлік малына аса сақ болуын ескертеді.
- Су келу қаупі жоғары үйлерде тұратын әрбір тұрғын өз үйінің айналасын биіктетіп, малдарын құрғақ жерде ұстауға тырыссын. Ыңғайы келсе қолдағы малды қырқа жерлерге көшіргені дұрыс. Түздегі ұзынаяқты малға да абай болып, судан таза қыраттарда ұстағаны жөн. Түнгі ұйқыға аса сақ болып, су екпіні басылғанша сақтанғаны дұрыс. Әдетте, судың түнгі уақытта көтерілетінін де ескеріңіздер, - дейді төтеншеліктер.

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале