9.09.2025, 18:03
Оқылды: 250

Шоғырландырылған есеп – ортақ міндет

Бүгін Жаңақала ауданының әкімі Алпамыс Көшкінбаевтің төрағалығымен, Батыс Қазақстан облысы Тексеру комиссиясының мүшесі Батыржан Хамидуллиннің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
image-09-09-25-04-37-2
Жиынға ауданға қарасты бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, мемлекеттік мекемелердің есепшілері қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік мекемелердің жылдық қаржылық есептілігі мен шоғырландырылған есепті дайындау тәртібі кеңінен қаралды.
Отырыста  Батыс Қазақстан облысы Тексеру комиссиясының мүшесі Батыржан Жалитұлы арнайы баяндама жасап, қаржылық есептілік жүргізу мен есеп формаларына енгізілген өзгерістер жөнінде кеңінен айтып өтті. Ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2025 жылғы жаңа бұйрықтарына сәйкес жүргізілетін КЕ-1 – КЕ-6 формаларының мазмұнына, шоғырландырылған есептіліктің деңгейлері мен ерекшеліктеріне, сондай-ақ элиминациялық жазбалар мен түгендеудің міндеттілігіне нақты түсініктеме берді. Баяндамада атап өтілгендей, шоғырландырылған қаржылық есептілік аудан деңгейінде барлық бағынысты мекемелер мен ауыл әкімдіктерінің қаржылық операцияларын біріктіру арқылы жасалады. Бұл есептілікте қайталанатын қаржылық ағындар мен операциялар алынып тасталады, ал нақты мәліметтер негізінде талдау жасалады.
image-09-09-25-04-37-1
Сондай-ақ, 2027 жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлері міндетті сертификаттаудан өтуі тиіс екені ескертіліп, бұл бағытта дайындық жұмыстарын бастап кету қажеттігі айтылды.
Жиын барысында қатысушылар баяндамашыға сұрақтар қойып, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Жылдық есеп беру науқанына дайындық барысы үйлестіріліп, нақты тапсырмалар жүктелді.
Сыйлыхан Жұмасалық, 
Жаңақала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале