Шыңғырлау ауданы әкімі Альберт Есалиев тұрғындармен есептік кездесуінде денсаулық сақтау, спорт салаларында атқарылған жұмыстар туралы айтты. Оның сөзінше, 2 фельдшерлік-акушерлік пункт күрделі жөндеуден өткен.
- Сондай-ақ осы салада мемлекеттік-жекешілік әріптестік аясында Лубен тірек елді мекенінде селолық дәрігерлік амбулатория салуды жоспарлап отырмыз. Жоба облыстық жобалар тізіміне енгізіліп, қазіргі таңда тиісті құжаттарын жасақтауға қаражат бөлу жөнінде шешім қабылданды.
Спорттық нысындар да көптеп бой көтеруде. Былтыр Тәуелсіздік мерекесі аясында Ащысай ауылында спорт алаңы қолданысқа берілді. Жоба құны – 4,5 млн. теңге. Осындай спорт алаңдарын барлық ауылдық округтер орталығында ашуды көздеп отырмыз. «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Белогор ауылында хоккей қорапшасы қолданысқа берілсе, сондай-ақ, Шыңғырлау ауылдық округінің Шоқтыбай ауылында ауыл тұрғындарымен спорт алаңының құрылысы жүргізілуде, - деді А.Есалиев.
zhaikpress.kz
Суретке түсірген Айбатыр Нұраш