Сырым ауданына қарасты Шолақаңқаты ауылдық округі әкімінің лауазымына Журалиев Ерлан Шалбайұлы тағайындалды.
Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 551 азамат енгізілсе, оның 408-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 25, «Барлығына қарсы» – екеу болды.
62% дауыспен «AMANAT» партиясы ұсынған, Шолақаңқаты ауылының тұрғыны, Ерлан Журалиев Шолақаңқаты ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов жаңа әкімді құттықтап, жұмысына сәттілік тілесе, ауылдастары ақжарма тілектерін білдірді.
Ерлан Шалбайұлы өзіне сенім білдірген тұрғындарға алғысын білдіріп, ауылдың көркеюі үшін білек сыбана жұмыстанатынын айтты.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы