11 қыркүйек күні Казталов ауданының орталығында аудандық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен шөп жəрмеңкесі өтуде.
Казталов ауылының тұрғындарына қажетті қысқы мал азығын Казталов, Бірік, Қошанкөл, Тереңкөл, Бостандық, Жаңажол, Ақпəтер ауылдық округінің шаруа қожалықтары əкеліп, саттыққа шығарды. Бір бума (руллон) шөптің бағасы - 6000 теңге.
- Тұрғындар аудан орталығына келіп тұрған мал азығын уақытында сатып алып, бұл мүмкіншілікті пайдаланып қалғандары жөн, - дейді аудандық кəсіпкерлік жəне ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сергей Тоқпанов.
Расында "Қыстың қамын жазда ойла" демекші, мұндай жəрмеңке күнде болмайтыны белгілі.
"Ауыл айнасы"
Казталов ауданы
zhaikpress.kz