21.03.2026, 21:12
Оқылды: 9

Шөптікөл ауылында Ынтымақ күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Бүгін Қаратөбе ауылдық округіне қарасты Шөптікөл ауылындағы мәдени-спорт кешенінде Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесі аясындағы «21 наурыз – Ынтымақ күніне» орай ауылдағы мәдени-спорт кешені, Қаратөбе колледжі, Шөптікөл ОЖББМ-нің ұжымдары ұйымдастырған «Достық сазы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

IMG_0075

Мерекелік іс-шарада ауыл тұрғындары ең әуелі театрландырылған көріністі тамашалады.

IMG_0171
Жиналған халық алдына шыққан жаршы жігіттер көктемнің шуақты мерекесі наурыздың келгенін жеткізіп, барша жұртшылықты айтулы мерекелерімен құттықтады. Сахнада жас бишілер тобының орындауындағы «Қазақ биі» тамашаланып, Қыдыр ата ақ батасын берді.
Наурыз мерекесінің алғашқы сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Ғабит Ғазиев мерекелік той-думанға қатысушыларға жылы лебізін жеткізіп, Шөптікөл ауылындағы қол жеткізілген жетістіктерге тоқталды.

IMG_0049
«Наурыз мерекесі – ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін ерекше мейрам. Ел ішінде ұйымшылдық, бүгінгідей ұйымшылдығы жарасқан ауыл, береке мен бірліктің ортасы болсын», - деді ауыл халқын мерекелерімен құттықтаған Ғабит Талаптанұлы.
Ауыл тұрғындары мерекелік іс-шараны ұйымдастырушылар дайындағын наурыз көжеден және киіз үй ішінде жайылған дастарқаннан дәм татты.
«Достық сазы» атты мерекелік концерттік бағдарлама Рүстем Ақташевтің орындауындағы «Білгіңіз келсе қазақты» әнімен бастау алды.
Мерекелік іс-шараға қатысушылар сахнада өнерлерімен ыстық ықыласқа бөленген жас бишілер тобының орындауындағы «Қазақ»,«Өзбек», «Орыс» билерін, Әйгерім Өтегенованың орындауындағы «Наурыз - көктем», Мереке Сағидуллин орындаған «Жаңбыр төкті», «Әнім сен едің», Ақгүл Нығметованың орындауындағы «Башқұрт әні», әжелер ансамблі орындағын «Сәулем», Нұр Арматқызының орындауындағы «Гүл әлем», Елдос Халмурзин орындаған «Ақторғын», Әділғазы Меңдіғалидың орындауындағы «Ауылым» әнін тамашалады.
Еліміздегі бірлігі мен ынтымағы жарасқан халықтар тілінде жеткізген оқушылардың сәлем беруі тамаша көрініс тапты.

IMG_0124
Мерекелік іс-шарада ұлттық ойындар – садақ ату, қазақ күресі және арқан тартудан жарыс ұйымдастырылып, жеңімпаздар анықталды.
Ең әуелі қазақ күресі бойынша мектеп оқушалары және жасөспірімдер арасында палуандар күш сынасты. Садақ ату сайысында жасөспірімдер жарысқа түсіп, шеберліктерін көрсетті.

IMG_0130
Қазақ күресінен 40 келі салмақ дәрежесіне дейінгі салмақта боз кілемде белдескен палуандар арасынан Тыныштық Еламан жарыс жеңімпазы атанса, ІІ және ІІІ орындар Сансызбай Диас пен Темірхан Әлиханға бұйырды.
Ал, қазақ күресінен 40 келіден жоғары салмақта күш сынасқан Мәжит Ерқанат І орынды жеңіп алса, ІІ жүлделі орынды Темірхан Рауан иеленді.
ІІІ орынға палуан Әмірбек Мирас табан тіреді.
Садақ атудан топ жарып, мергендігін таныта білген Темірхан Әлихан І орынды иеленді. Ал ІІ және ІІІ орындарды Төлеуғали Нұриман мен Дана Тыныштық қанжығаларына байлады.

IMG_0094
Арқан тартыс бойынша командалар арасында өткен жарыста ауылдың 1988 жылғылар құрамасы мықтылықтарын көрсетіп, жарыс жеңімпаз атанса, ІІ және ІІІ орындар Шөптікөл ауылының Ж.Есполов атындағы көшенің құрамасы мен Шөптікөл ЖОББМ-нің командалырына бұйырды.
Наурыз мерекесіне арналған аталмыш іс-шараның өз деңгейінде өтіуіне қолдау білдіріп, демеушілік жасаған ауылдың бір топ жанашыр азаматтарына іс-шараны ұйымдастырушылар атынан алғыс айтылды.

Ерболат Райсов
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале