8.04.2024, 15:42
Оқылды: 56

Штаб отырысы өтті

Бүгін аудан әкімі Мұрат Өмірәлиевтің төрағалығымен аудандық штаб отырысы өтті. Жиында көтерілген басты тақырып Ащысай, Мырзағара, Шоқтыбай, Талдысай ауылдарындағы су басу қаупінің алдын алу болды. Аталған ауылдардың жағдайы басты назарда.

шың

Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар талқыланып, аудан әкімі жауапты мекемелерге қажетті шаралар бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Елек өзенінің арнасынан асып, жайылып, бірқатар ауылдың шетіне дейін жеткен еді. Тосыннан көтерілген су әбігерге түсіргенімен, бірінші кезеңде жеткен деңгейінен көтерілген жок. Алайда сақтық шаралары артық етпейді. Кез келген төтенше жағдайға дайын болу мақсатында жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

 

Әсел Әлім,

Шыңғырлау ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале