26.01.2022, 17:45
Оқылды: 38

Штаб отырысы өтті

Жаңақала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында 2021-2022 жылдарға мал қыстағының өту барысы жөнінде штаб отырысы өтті. Жиынға БҚО ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Наурызбай Қарағойшин, дербес бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысты.

62DF33FF-1071-4CFF-8858-8DA7C7BEEAC2

Штаб отырыстарында облыс кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарынан қолданыстағы бағамен мал азығын сатып алуғаорындарын анықтау және шаруа қожалықтарынан жеке тұрғындарға арзандатылған жем-шөп сату мәселелері қарастырылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Асқар Мұқамбетжанов баяндама жасады.

- 2021-2022 жылдардағы мал қыстағына шөп қажеттілігі 150 күнге зоотехникалық нормаға сәйкес 107,2 мың, шартты мал басына 209 тонна қажет деп  жоспарланған. Дайындалған, тасымалданған мал азығын қоса алғанда 145,3 тонна (138,3 мың тонна аудан көлемінде дайылдалған, 7 мың тонна тасымалданған) құрап отыр, яғни 69,5%.

Аудан бойынша 2021 жылы 78,9 мың бас ірі қара, 162,3 мың бас қой мен ешкі, 30,8 мың бас жылқы малы қыстатылуда.

2021 жылдың 20 қазандағы №1-6/10 санды облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұловтың ауыл шараушылығы мәселелері бойынша өткен кеңестің хаттамасына сәйкес жалпы аудандағы жеке қосалқы шаруашылықтарға 8,0 мың рулон тасымалдауға жоспарланып, Бәйтерек, Тасқала, Теректі, Қаратөбе Сырым, Шыңғырлау ауданәкімдерімен меморандум жасалып, 5 млн. теңге қаражат бөлінді.

Қазіргі таңда Қызылоба, Пятимар, Бірлік, С.Меңдешев, Жаңақала және Жаңажол ауылдық округтері бойынша 4605 рулон мал азығы тасымалданды. Тасымалданған мал азығымен жеке тұрғындар, соның ішінде аз қамтылған, жалғызбасты отбасылар арзандатылған бағамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берілді.

Күні бүгінге нарықта бір руллон шөптің бағасы 3500-8000 теңге шамасында сатылуда. Арзандатылған бір бума шөптің бағасы тұрғындарға 3500-5000теңгеден түсірілді. 2022 жылғы мал қыстағы енді басталып жатыр, әлі шөп қажеттілігі бар. Әсіресе ауданымыздың орталығына 2500 бума шөп керек, сонымен қатар Жаңажол, Қызылоба, Пятимар округтерінде мал азығының тапшылығы бар. Біздің есеп бойынша 4500 рулон шөп қажет. Оған қажетті қаражат орташа есеппен 20 млн. теңгенің шамасында.Қазіргі таңда шөп тасымалы жалғасуда. Қаржы мәселесі шешілсе шөппен бірге жем тасымалын ұйымдастыру қажет деп есептейміз.

Алдағы уақытта мал қыстағын өткізу жөніндегі жұмыстар өз жалғасын табады, - деді аудан әкімінің орынбасары А.Жомартұлы.

-Елді мекендердегі тұрғындардың мал азығын қамту мәселесі бойынша шаруа қожалықтары бар мүмкіндіктерін жасайды. Екі күн бұрын облыстық штабта қаражат пен тасымалдың қажеттілігі жөніндегі мәселе қаралды. Жеке тұрғындар үшін жергілікті бюджет арқылы аудан не облыс арқылы шөптің қажеттілігі шешімін табады. Облыста белгіленген штаб өз отырысын бастады. Ауыл шаруашылық басқармасына ауылмен біріге жұмысты атқаруға міндеттелді. Осындағы мәселелер соның ішінде тасымалға жататын мал азығын анықтау, жем-шөптің бағасын анықтау, бағаны тұрақтандыру, өзінің нәтижесін беру мәселелері қарастырылатын болады, деді БҚО ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Н.Қадырбайұлы.

Жаңақала ауданы бойынша мал қыстағын өткізу жөніндегі аудандық штаб 2021 жылдың желтоқсан айында құрылып, қазіргі таңда өз жұмыстарын атқаруда.

Р.Амантайқызы,

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале