Жаңақала аудандық ауруханасына жедел жәрдем арқылы келіп түскен науқасқа жоспардан тыс шұғыл ота жасалды.
Диагнозы - жатырдан тыс жүктілік.
Акушер-гинеколог Жәния Батырбек, хирург А.Дияров, анестезиолог Д.Кукенов, операцияға қатысатын мейірбике А.Мурзашева және анестезиолог көмекшісі Ж.Шакетов ота жасауға қатысты.
Шамамен екі сағатқа созылған ота сәтті аяқталды. Дәрігерлердің шұғыл түрде әрекеттері мен ептіліктерінің арқасында қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты.
zhaikpress.kz