Жаңақала аудандық ауруханасына жедел жәрдем арқылы келіп түскен 1967 жылғы Бөкей орда ауданы Искра ауылының тұрғынына дәрігерлердің бірігуімен жоспардан тыс шұғыл ота жасалды.
Науқаста құрсақ қуысына енген пышақ жарақаты мен жіңішке ішектің мезентериясы жарақат болған. Тоқ ішек зақымданған.
Хирург Азамат Дияров, Дәурен Нуппаев, анестезиолог Дәурен Кукенов және анестезиолог көмекшісі Қожамберді Жумагельдин от жасады.
Дәрігерлердің шұғыл түрде әрекеттері мен ептіліктерінің арқасында қазіргі таңда науқастың жағдайы бірқалыпты.
Палатаға ауыстырылып, отадан кейінгі көмек көрсетілді.
А.Берікқызы,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz